«SportFEST Kasakhstan» облыстық Спартакиадасына қатысу

2017 жылдың 1 қарашасы мен 3 қарашасы аралығында Көкшетау қаласында ауданымыздың оқушылары спорттық атақтары бар 8-10 сыныптардың арасындағы «SportFEST Kasakhstan» мектептер Спартакиадасының аймақтық жарысына қатысты.

Спартакиада спорттың 6 түрі бойынша өтті: футзал, баскетбол, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ және әскери қолданбалы спорт.

Жарыс аяқталғаннан кейін балаларға қатысқандары үшін сертификаттар және сыйлықтар ұсынылды. Мәдениет мектебінің оқушысы Рахимова Айдана Республикалық «SportFEST Kasakhstan» Республикалық Спартакиадасына таңдалып алды. Оған диплом, медаль, кубок және құнды сыйлық табысталды. Айданаға сәттілік тілейміз!

Автор: Абдулова А.Ю.
Просмотров: 82
Дата создания: 7 Ноября 2017 г.
Дата редактирования: 7 Ноября 2017 г.